Жұмбақ ару
An Enigma
Желтоқсан, 2025
Қою қара қастарың неткен сұлу, Жанары жаутаңдаған жұмбақ ару. Айдай жүзің таратады тылсым жылу, Жанары жаутаңдаған жұмбақ ару.
Жұмбақ ару тұрсың әлі көз алдымда, Сағымсың ба, басқа қонған бағым ба? Нәзік үнің дем беріп жан нұрыма, Елеңдеген кейпің қалады тек жадымда.
Аққусың сен айдын көлде қалқып жүзген, Бозторғайсың ұшып келген жырақ түзден Әлде, аяулым, ақиық сұңқар болсаң, Жүздеселік бір ұяда шын лебізбен.
– Жаннұр Елнарұлы